Биліктің еріктілікті қолдауы маңызды – саясаттанушы
Еріктілік бұл демократиялық қоғамда таңдау құқығымен келетін бағыт. Қазақтың бұрыннан бар асар, жылу сияқты қауымдық бастамалары халықтың дәстүріне сіңгені сонша, бүгінгі ұғыммен айтсақ, еріктіліктің дала демократиясында бағзыдан қалыптасқандығын көреміз.
Германияда еріктілік мемлекет алдындағы міндетті борышпен теңестірілген. Мысалы, 18 жасқа толған неміс азаматының алдына таңдау қойылады. Не отан алдындағы борышыңды әскерге барып өтейсің, не сол екі жылдық мерзімде кез келген қоғамдық ұйымның аясында еріктілікпен айналысып, азаматтық қоғамның қағидаларына үлес қосасыз. Осы норма Германиядағы азаматтық қоғамның мызғымай дамуында заңнама негізінде жүзеге асырылады. Міне, дамыған елдің әлемдік көрнекті тәжірибесі осындай.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық волонтерлер форумына қатысты. Сол кездесуде Президенттің сөзінен еріктілікті дамыту бағытында жақсы бастамаларды байқадық. «Волонтерлік қозғалысты ұзақ мерзімді грант беру арқылы ынталандыру керек. Бұл ретте мемлекеттік және жеке грант берушілер арасында тұрақты серіктестік орнатып, отандық және халықаралық донорлардың бір-бірімен нәтижелі ынтымақтастығын қалыптастыру маңызды» делінген. Сөзсіз, мемлекет пен азаматтық қоғам теориялық һәм практикалық негізде екеуі де әріптес болуы шарт. Мемлекеттің құзырына азаматтық қоғамның бастамаларын қолдау әрі жағдай жасау кіреді. Егер қоғамдық тепе-теңдік заңдылығы осы бағытта өрбісе, нұр үстіне нұр. Осы ретте, биліктің еріктілікті қолдауы орынды.
Президент екінші ұсынысында, волонтерлердің ұлттық және аймақтық деңгейдегі фронт-офисінің ұйымдастырушылық, техникалық және кадрлық әлеуетін күшейту қажеттігін атап өтті. Соңғы бес жылда елімізде арнайы коворкинг орталықтары мен жастар ресурстық орталықтары бой көтерді. Әрине, бұл игі бастамалардың нәтижесі қоғамда еріктілік қозғалыстарын дамытты. Осы тұрғыдан алғанда, алдағы уақытта еріктілікті қолдайтын өз алдына құрылымдық-ұйымдастырушылық кешендері қарастырылуы құба-құп дүние. Себебі, еріктілік қозғалыстары, егер дәл осы ұсыныстар жүзеге асқан жағдайда, көптеген күтпеген жағдайларда, әсіресе, Арыс, Сарыағаш, Қостанай, Семей табиғи апатты оқиғалар сияқты, төтенше кезеңдерде мобильді кәсіби деңгейде азаматтық көмектерді орындауға бір табан жақындай түсетіні анық.
Жалпы, еріктілік қозғалыстары адами тұрғыда тұлғалық қасиеттерді дамытатын озық әдістемелік бағыттардың бірі. Бұл индивидиумнан ұжымдық деңгейге дейін қоғамдық сипат алатын тәрбиелік мәні зор жүйе.
Елімізде еріктілікпен бірге мейірімділік, қайырымдылық, жанашырлық қасиеттер өскелең ұрпақтың бойына орныға беретін азаматтық жобалар. Лайым елдің дамуына қажетті осындай азаматтық жобалар өркендей берсін деп үміттенейік.
Мақсат ЖАҚАУОВ, саясаттанушы
-->