Әртүрлі

Бүгін қай облыстарда үсік жүреді

«Қазгидромет» РМК-сы мамырдың 27-сі күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Синоптиктердің мәліметінше, циклон және онымен байланысты суық атмосфералық ағындар еліміздің басым бөлігінің күн райына әсер етеді, соның салдарынан түнде жауын-шашын, шығыста қатты жаңбыр, қар жауады, елдің солтүстік-шығысында қатты жаңбыр өтеді. Елдің оңтүстігінде ғана антициклонның әсерінен күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша екпінді жел соғып, найзағай ойнайды, елдің солтүстігінде бұршақ жауады, орталығында дауыл тұрып, оңтүстік-шығыста түнде тұман түседі.

Түнде Ақмола, Қарағанды облыстарының батысында, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде топырақ бетінде, таулы аудандарында 1-2 градус үсік жүреді.

Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында, Абай облысының орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының шығысында, Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

-->