Әртүрлі

Бетон қалдықтарын заңсыз төккен азаматқа әкімшілік жаза қолданылды

Астанада бетон қалдықтарын заңсыз төккен азаматқа қатысты әкімшілік жаза қолданылды, деп хабарлады Elordainfo.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Shacman бетон араластырғыш көлігінің жүргізушісі Тынышбаев көшесінде бетон қалдықтарын рұқсатсыз төгуге жол берді. Шламды ағызып жатқаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік жаза қолданылды.

«Таза Қазақстан» акциясын өткізу кезеңінде қоқысты заңсыз шығару, жалпы пайдалану орындарының ластануы және абаттандыру қағидаларын өзге де бұзу фактілері бойынша 16 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Күн сайын полицейлер рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуына бейім орындарда рейдтік іс-шаралар жүргізеді. «іKomek109» бірыңғай анықтамалық қызметімен өзара іс-қимыл жасай отырып, белгіленбеген орындарда қоқыстарды түсіруді және ағынды суларды төгуді жүзеге асыратын тұлғаларды анықтау бойынша мақсатты жұмыс жүргізіледі.

Акция басталғаннан бері 230-дан астам жүк және ассенизаторлық көлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.