Беташар салты ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасының тізіміне енгізілді
Бұл туралы ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Жаңа ғана Парагвай астанасы Асунсьонда ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің отырысында қазақтың ежелгі салттарының бірі – беташар Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілді», - делінген жазбада.