Белгілі ақын Несіпбек Айтұлы қайтыс болды
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Несіпбек Айтұлы қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағының Астана қаласы филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.
Несіпбек Айтұлы 1950 жылы Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағында туған. Ақын еңбек жолын Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде бастаған. 1974 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетін бітірген.
1974-1984 жж. «Балдырған» журналының поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Жалын» баспасында редактор. 1984-1994 жж. Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші. 1995-1996 жж. «Ақын» қауымдастығының директоры. 1997-2001 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінде сын бөлімінің, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі.
2001 жылдан бастап Астана қаласына қоныс аударып, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Президенттік Мәдениет орталығында жұмыс істеген.
Қазақстан Жазушылар одағының секретариат мүшесі болған. Сондай-ақ Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы мұражай директоры болып қызмет еткен.
-->
Қош, Несағам. Қазақ поэзиясының бәйтерегі құлады, - деп жазды ақын.