Бельгияда жасырынып жүрген күдікті елге жеткізілді
Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Бельгиядан Алматыға жеткізілді, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
63 жастағы қазақстандық 1997 жылы маусымда Ресейдің Новосибирск қаласында отандасымызды ұрлап, өлтіруге қатысқан және кезінде оны босату үшін туыстарынан 100 мың доллар талап еткен. Ол бұл қылмысты алдын ала сөз байласу арқылы жасаған.
-->63 жастағы қазақстандық 1997 жылы маусымда Ресейдің Новосибирск қаласында отандасымызды ұрлап, өлтіруге қатысқан және кезінде оны босату үшін туыстарынан 100 мың доллар талап еткен. Ол бұл қылмысты алдын ала сөз байласу арқылы жасаған.
Тергеу барысында қылмысқа қатысушылар ұсталып, оларға түрлі жазалар тағайындалды. Сот органдарынан қашып кеткен қылмыскерлердің біріне қатысты сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы, сондай-ақ мемлекетаралық және халықаралық іздеу жарияланды. Іздеудегі азамат жалған деректермен Бельгияда жасырынып жүргені белгілі болды. Алматы қалалық прокуратурасының үйлестіруімен және Интерполдың көмегімен күдікті ұсталып, Алматы қаласына жеткізілді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.