Батыс Қазақстанда жүк көлігі пойызға соғылды
Бейнеу – Құлсары теміржол өткелінде пойыз бен жүк көлігі соқтығысқан жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлады Elordainfo.kz «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
Компанияның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, 23 желтоқсанда Бейнеу – Құлсары теміржол өткелінде жүк көлігі пойызға соғылған.
«Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп мәлімдеді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдері.
Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
«Автоматты жылжымалы дабыл құрылғылары дұрыс жұмыс істейді. Оқиғаның алдын-ала себебі – жүргізушінің жол ережесін бұзуы», - делінген компания өкілдері.