Батыс Қазақстанда көлік қозғалысына шектеу қойылды
«Қазавтожол» ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк көліктері мен қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы» автожолының 394-273 шақырым аралығындағы учаскеcі (Жымпиты ауылы -Барбастау ауылы) жабылды.
Жолды 2025 жылғы 23 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.