Батыс Қазақстан облысында төрт теміржол вокзалы жаңғыртылады
Қазақстанда 125 теміржол вокзалын жаңарту бойынша ауқымды бағдарлама жүзеге асырылуда. Батыс Қазақстан облысында төрт вокзал – Орал, Қазақстан, Шыңғырлау және Жетібасты станциялары қайта жаңғыртылады, деп хабарлады Elordainfo.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл жұмыстар жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасауға және қызмет көрсетудің заманауи стандарттарын қамтамасыз етуге бағытталған.
1916 жылы салынған Жетібасты станциясына ерекше назар аударылады. Оның тарихи келбеті сақталады, бұл ретте ғимарат өзекті нормалар мен талаптарға сәйкес жаңғыртылады.
«Вокзалдарда күту залдары, кассалық аймақтар, санитарлық үй-жайлар жаңартылады, инженерлік жүйелер ауыстырылады, жолаушыларды хабардар ету мен ақпараттандырудың заманауи кешендері орнатылады. Қайта құрудың маңызды бағыттары - мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау, сондай-ақ терроризмге қарсы және өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтау»,- делінген хабарламада.
Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін Оралдағы вокзалда темір жолдардың үстінен заманауи өткел салынады.