Бас прокурор балалар суицидіне қатысты мәлімдеме жасады
Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Балалардың өзіне-өзі қол жұмсау толқыны қоғамда резонанс тудырды. Прокурорларға әр факт бойынша тергеуді ерекше бақылауды тапсырдым.
Жалпы, әлеуметтік желілер балалардың суицид белсенділігіне әсер ететіндіктен прокурорлар 15 мың зиян сайт пен сілтемені бұғаттауға қол жеткізді.
Сондай-ақ, қиын тұрмыстық жағдайдағы отбасылармен жұмыс істеудеміз.
Мемлекеттік органдармен суицидтің алдын алу бойынша шұғыл шаралар кешенін әзірлейтін боламыз, - деп жазды Бас прокурор.