Балық шаруашылығы комитетінің басшылары жемқорлық үшін сотталды
ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Н.Жүнісов және оның қарамағындағы балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысы Е.Суықбаев сотталды, деп хабарлады Elorda.Info.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен оларға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
-->Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен оларға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
«Аталған адамдар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Олар жалпы қамқорлығы үшін 2021 жылдан 2024 жылдың ақпанына дейін шағын және орта бизнес өкілдерінен жүйелі түрде пара алды деп айыпталды», - делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.