Әртүрлі

«Балқаш Жылу» ЖШС директорының экс-орынбасары мен бас бухгалтеріне үкім шықты

«Балқаш Жылу» ЖШС директорының бұрынғы орынбасары мен кәсіпорынның бас бухгалтері бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сотталды, деп хабарлады Elorda.info.

Аталған азаматтарға қатысты қылмыстық істі ҚР Қаржылық мониторингі агенттігі тергеп-тексерді.

Сотталған азаматтар 2020 жылғы маусым мен 2023 жылғы қаңтар аралығында Балқаш ЖЭО мен Балқаш қаласын жылумен жабдықтау желілерін жөндеуге және жұмысын үздіксіз қамтамасыз  етуге арналған бюджет қаражатын іс жүзінде қандай да бір азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалмаған жалған кәсіпорындардың шоттарына негізсіз аударған.

Мемлекет кірісіне 3 бөлмелі пәтер мен Lexus автокөлігі тәркіленді.

-->

«Жалпы сомасы 708 млн теңге болатын ұрланған қаражат оны пайдаланудан кіріс алу үшін жылжымайтын мүлікпен мәмілелер жасау арқылы заңдастырылды. Тергеу барысында күдіктілер 144 млн теңгені ақшалай қайтарды. Кінәлі адамдарды сот 5,5 жыл және 5 жыл бас бостандығынан айырды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - деп көрсетті ҚМА баспасөз қызметі.