Әртүрлі

Баланың ой-санасын қалай дамытамыз

Баланың ой-санасын дамыту, таным көкжиегін кеңейту – жауапты әрі маңызды іс. Ата-аналар мұны балабақша мамандарының міндеті деп санайды. Ал мамандар болса, тәрбие ісінде ата-ананың атқарар рөлі зор дейді. Elorda.info тілшісі осы даулы мәселеге жауап іздеп көрді. 

«Бала агрессияға жиі берілетін болса маманға барған абзал»

Мамандар баланың ой-өрісін бір жастан бастап дамытуға болады дейді. Өйткені 1-3 жас аралығында бүлдіршіннің тілі шығады және сөздік қоры қалыптасады. 

30-4.jpg

Баланы ерте жастан пайдалы әңгімелер мен ертегі оқуға баулу өте маңызды. Сәби күнінен өз қызығушылығын тауып, оны дамытуына  мүмкіндік жасаған жөн. 

30-7.jpg

Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында ашушаңдық пайда бола бастайды дейді мамандар. 

Кейбір баланың тілі кеш шығады

Маманның айтуынша, кейбір балалардың тілі тым кеш шығады. Бұл бүлдіршіннің қабылдау қабілетіне байланысты. 

30-5.jpg

Гаджеттер баланың дамуына қалай әсер етеді?

Баланың сөйлеу қабілетінің нашар дамуына әлеуметтік аспектілер де әсер етеді. Бұл туралы елордалық логопед мамандар айтады.

30-3.jpg

Ал балалардың гаджеттерді ерте жастан пайдалануы қарым-қатынас дағдыларын дамыту процесін тежейді.

Маман балалардың гаджетті пайдалану уақытын айтты.

30-2.jpg

Сондай-ақ, Алма Курхаева гаджетті шамадан тыс қолданбауға кеңес береді.

Логопед маманның жұмысы балалардың сөйлеу ақауларын түзетуге бағытталған.

Дыбыстарды дұрыс айту дағдысын дамыту; бұрын үйренген дыбыстарды анықтау және бекіту; фонетикалық таза, грамматикалық дұрыс сөйлеуді қолдану қабілеті мен дағдыларын қалыптастыру; сөйлеу белсенділігін, фонематикалық естуді, зейінді, ойлауды дамыту; дұрыс тыныс алу дағдыларын дамыту; ұсақ моториканы және қимылдарды үйлестіруін дамыту, - деді ол.

30-1.jpg

Бүгінгі күні сөйлеу қабілеті бұзылған балалар санының артқаны байқалады. Түзету-дамыту жұмысының көмегімен оң нәтижеге қол жеткізуге болады.

Сабина КӘКІМЖАН

-->

Баланы балабақшада ойнататын ойын түрлері өте көп. Мәселен, сюжеттік, қимыл-қозғалыс ойындарын ойнатқан дұрыс. Қазіргі кезде баланың ой-санасын дамытатын үйірмелер жетіп артылады. Сондай-ақ, ғаламтордан да пайдалы контенттерді табуға болады, - деді ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасының директоры Бейбітгүл Қазақпаева.

30-7.jpg

Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында ашушаңдық пайда бола бастайды дейді мамандар. 

Көбіне бала өзінің реакцияларын түсінбейді. Сондықтан ата-ананың міндеті – оның сол уақыттағы сезімдерін түсіндіру және оларды дұрыс білдіруге үйрету. Көп жағдайда баланың агрессиясының, ашуының тез қайтуы  ата-ананың сол агрессияға реакциясына байланысты. Бұл сәтті елемей отыра беруге де болмайды. Бұл – баланың агрессиясын одан бетер үдетеді. Бұл кезде сабырлық таныту, түсіністікпен қарау, сабырға келгенде сөйлесу, жағдайды сабырлы дауыспен түсіндіру маңызды. Егер балаға жиі әрі себепсіз агрессия танытатын болса маманға барған абзал, - деді Бейбітгүл Қазақпаева.

Кейбір баланың тілі кеш шығады

Маманның айтуынша, кейбір балалардың тілі тым кеш шығады. Бұл бүлдіршіннің қабылдау қабілетіне байланысты. 

30-5.jpg

Бала тілі 2 айдан бастап қалыптаса бастайды. Осы кезеңде бала ересек адамға еліктеп кейбір дауысты дыбыстарды қайталай бастайды. 3-айға жеткенде гу-гулейді, былдырлап сөйлегісі келеді. 8 айдан аса бала сөйлей бастайды. 5-6 айдан кейін еліктеу арқылы жеке дыбыстарды, сөз буындарын айта бастайды.  6-7 айда ересектердің сөздерін қайталауға тырысады. Дені сау, дұрыс дамып келе жатқан бала бір жасында 6-10, екі жасында 200-300, үш жаста 1500, төрт жаста 4000, 5-6 жаста 4-5 мыңдай сөз қоры қалыптасады, - деді педагог-психолог Ольга Ханеева.

Гаджеттер баланың дамуына қалай әсер етеді?

Баланың сөйлеу қабілетінің нашар дамуына әлеуметтік аспектілер де әсер етеді. Бұл туралы елордалық логопед мамандар айтады.

Бүгінгі күні сөйлеу қабілеті бұзылған балалар санының артқаны байқалады. Түзету-дамыту жұмысының көмегімен оң нәтижеге қол жеткізуге болады. Сөйлеу қабілетінің нашар дамуына медициналық аспектілерден басқа әлеуметтік аспектілер де әсер етеді. Мысалы, балалар гаджетті үнемі қолданады, яғни олар гаджеттегі видеоларды естиді, көреді, бірақ сөйлемейді. Сондықтан балаларға мүмкіндігінше көбірек көңіл бөліп, жиі сөйлесуге, ертегі оқуға, оны бірге талқылауға кеңес беремін. Бұл баланың сөздік қорын кеңейтуге, ойын жинақтап жеткізуге көмектеседі, - деді «Қарлығаш» балабақшасының логопеді Алма Курхаева.

30-3.jpg

Ал балалардың гаджеттерді ерте жастан пайдалануы қарым-қатынас дағдыларын дамыту процесін тежейді.

Баланың өмірінің алғашқы 3 жылы оның дамуы үшін, әсіресе, сөйлеу қабілетін дамыту үшін өте маңызды. Гаджеттерді ерте пайдалану қарым-қатынас дағдыларын дамыту процесін тежейді. 3-7 жасында баланың миы белсенді дамиды: шығармашылық қабілеті, интеллектуалдық деңгейі жоғарылайды, қарым-қатынас дағдылары жетіледі. Гаджетті үнемі қолдану бұл процестерді тежейді. Себебі ол ересек адамның қатысуын қажет етпейді, - деді Алма Курхаева.

Маман балалардың гаджетті пайдалану уақытын айтты.

Гаджетті пайдалану уақыты:1,5 жасқа дейін – толықтай шектеңіз,1,5 жастан 3 жасқа дейін күніне 30 минуттан аспағаны жөн. 3 жастан 5 жасқа дейін күніне 1 сағаттан аспағаны жөн. 6 жастан 7 жасқа дейін – күніне 2 сағатқа дейін, - деді маман.

30-2.jpg

Сондай-ақ, Алма Курхаева гаджетті шамадан тыс қолданбауға кеңес береді.

Ересектерге арналған ұсыныстар: баланың гаджет қолдануын шектеңіз; басқа да қызықты әрекеттерді ұсыныңыз; балаңызбен көбірек уақыт өткізіңіз; балаға үлгі болыңыз, өзіңіз де гаджетті шамадан тыс қолданбауға тырысыңыз. Сөйлеудің бұзылуын жеңу – баладан тұрақты назар аударуды және ынта-жігерді қажет ететін ұзақ процесс, - деді Алма Курхаева.

Логопед маманның жұмысы балалардың сөйлеу ақауларын түзетуге бағытталған.

Дыбыстарды дұрыс айту дағдысын дамыту; бұрын үйренген дыбыстарды анықтау және бекіту; фонетикалық таза, грамматикалық дұрыс сөйлеуді қолдану қабілеті мен дағдыларын қалыптастыру; сөйлеу белсенділігін, фонематикалық естуді, зейінді, ойлауды дамыту; дұрыс тыныс алу дағдыларын дамыту; ұсақ моториканы және қимылдарды үйлестіруін дамыту, - деді ол.

30-1.jpg

Бүгінгі күні сөйлеу қабілеті бұзылған балалар санының артқаны байқалады. Түзету-дамыту жұмысының көмегімен оң нәтижеге қол жеткізуге болады.

Біз балалардың сөйлеуін түзету жұмыстарына ата-аналарды тартамыз. Оның барысында баланың үй жағдайында сөйлеуіне дұрыс қатынасты ұйымдастыру және үй тапсырмасын орындауға көмектесу көзделген. Осы мақсатта ашық сабақтар, консультациялар, семинар-практикумдар өткізіп, ақпараттық стендтерді рәсімдейміз, - дейді логопед Алма Курхаева.

Сабина КӘКІМЖАН