«Баланың әкесі кім?» Бейбіт Қорған ДНҚ тапсырды
«Баланың әкесі кім?» Бейбіт Қорған ДНҚ тапсырды
Атыраулық Нұргүл Зиханова әнші Бейбіт Қорғаннан бала туғанын айтқан болатын, деп хабарлады Elorda.info.
Атырауда заң аясында Бейбіт Қорған өз қанын тапсырды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасының бұрынғы жүргізушісі Дина Төлепберген өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
Тележүргізуші Бейбіт Қорғанды ашық сұқбатқа шақырды.
-->Атыраулық Нұргүл Зиханова әнші Бейбіт Қорғаннан бала туғанын айтқан болатын, деп хабарлады Elorda.info.
Атырауда заң аясында Бейбіт Қорған өз қанын тапсырды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасының бұрынғы жүргізушісі Дина Төлепберген өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
«Астарлы ақиқатты» жүргізуді тоқтатсам да, бұл мәселе тұрақты бақылауымда. ДНҚ алу үшін ақыры оны сотқа сүйредік. Оның қан тапсыруға қалай келгенін көрсеңіз, шошисыз. Құдды бір отадан шыққан Майкл Джексондай, «Маска» шоуы маңырап қалады. Ауыр диагноздағы бала жайлы бірдеңе айтар ма деп едік, ләм-мимсіз ұзатылып жатқандай артына қайырылмай кетті. Бізден қашса да, ақыры Атырауда заң аясында Бейбіт Қорған өз қанын тапсырды. ДНҚ нәтижесін сот бір айдан кейін жария етуге тиіс, - деді Дина Төлепберген.
Тележүргізуші Бейбіт Қорғанды ашық сұқбатқа шақырды.
Осыдан 13 жыл бұрын әншінің еркелігін еске түсіріп, сұхбаттасқан едім. Сол сәтте Бейбіт «жаза баспаймын» деп, ант-су ішкен еді. Бейбіт Қорғанға айтарым: бізден қорғанып, қашқақтаудың қажеті жоқ. Менімен ашық сұхбатқа кел, ақиқатыңды айт. Бізге басқалардың емес, баланың болашағы маңызды, - деді тележүргізуші.