Балаларды гаджеттердің құрсауында қалдыруға болмайды - Тоқаев
Мемлекет басшысы ұрпақтың цифрлық дүниелерге тәуелді болуы мен виртуалды әлемге шектен тыс құмартуы нағыз дертке айналғанын айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Танымал әлеуметтік желілер балаларды ғана емес, үлкендерді де зомбиге айналдыруы мүмкін. Ата-аналар балаларының тәрбиесін мемлекетке немесе мектепке ысыра салмауы керек. Балаларына цифрлық гигиенаның қарапайым ережелерін үйретуге ата-ана жауапты», - деді Президент.
Мемлекет басшысы ұл-қыздарымызға көңіл бөлу, бірге уақыт өткізу, оларды алаңдатқан мәселелер жайында әңгімелесу маңызды екенін тоқталды. Сондай-ақ, баланың смартфон немесе компьютер пайдаланған кезінде не істеп жатқанын қатаң қадағалау қажеттігін атап өтті.