Балалар үйі ұстаздарының мәртебесін көтеру керек – сенатор
Сенатор Нұрия Ниязова балалар үйлері мен мекемелерде жұмыс істейтін педагогтердің әлеуметтік мәртебесін көтеруді ұсынды, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.
Сондай-ақ, сенатор балалар үйі ұстаздарының әлеуметтік және материалдық мәртебесі орта білім беру ұйымдарындағы әріптестеріне қарағанда төмен екенін айтты. Балалар үйлерінде жетімдер, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ түрлі аурулары бар балалар тәрбиеленіп, кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық көмек алып келеді.
-->Сенатор Нұрия Ниязова балалар үйлері мен мекемелерде жұмыс істейтін педагогтердің әлеуметтік мәртебесін көтеруді ұсынды, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау ұйымдарының, стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының және жұмыспен қамту орталықтарында ана мен баланы қорғау саласында қызмет атқаратын мамандарды әлеуметтік және материалдық мәртебесін көтеру үшін оларды «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңына енгізуді тиісті министрліктерге тапсыруды сұраймын. Бұдан басқа, еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне лауазымдық жалақының белгіленген мөлшеріне бірыңғай түзету коэффициенті туралы мәселені қарау тапсырылсын. Бұл оларға тең құқықтар мен мүмкіндіктер алуға мүмкіндік береді, - деді Нұрия Ниязова Сенат отырысында сауал жолдай отырып.
Сондай-ақ, сенатор балалар үйі ұстаздарының әлеуметтік және материалдық мәртебесі орта білім беру ұйымдарындағы әріптестеріне қарағанда төмен екенін айтты. Балалар үйлерінде жетімдер, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ түрлі аурулары бар балалар тәрбиеленіп, кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық көмек алып келеді.
Педагогтер қауымы да медицина саласының мамандарымен қатар, осы ұйымдарда бала тәрбиесімен айналысады. Алайда, олар салалық педагогикалық білімі бола тұрса да, «Педагог мәртебесі туралы» заңның аясынан сырт қалып келеді, - дейді ол.