Балқаш көлінің су деңгейі 12 см көбейді
2025 жылдың басынан бастап Қапшағай су қоймасынан Балқаш көліне 3,8 млрд текше метр су жіберілді. Бір жыл ішінде көл суының деңгейі 12 см-ге көбейді. Сонымен бірге су көлемі 2 млрд текше метрге артты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Су ресурстары және ирригация министрі өткен жылдың қазан айынан бастап Қазақстанда вегетация аралық кезеңде және көктемгі су тасқыны кезінде еріген қар суын тиімді пайдалану бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Осы уақыт ішінде су тапшылығы кезінде қажетті су көлемімен қамтылмаған көл жүйелері мен шабындық алқаптарына 15,7 млрд текше метр су жіберілді.