Әртүрлі

Бақытжан Оразбеков: АЭС – қауіпсіз энергетика көзі

PhD докторы, ғалым Бақытжан Оразбеков атом элеткр станциясының қалай жұмыс істейтінін түсіндірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

АЭС-тегі реакторларда ядролық реакцияның негізінде энергия түзіледі. Салыстырмалы түрде айтсақ, гидроэлектростанциясында судың ағыны турбинаны айналдырып, электр өрісі пайда болады. Сосын электр ағыны әрі қарай тұтынушыларға жеткізіледі. Тағы бір энергияның балама көзі – күн панелінен алынатын қуат. Бұл жерде жартылай өткізгіштің тоқ ағынын бір бағытта өткізетін қасиетін қолданамыз. Жел энергиясына тоқталатын болсақ, үлкен қалақтар айналып, электр энергиясы генерация пайда болады. Әрі қарай оны сақтап, тұтынушыларға үлестіріледі.

«Ал енді АЭС-ке тоқталатын болсақ, ол – кешенді ғимарат. Көбіне бір, екі не үш блоктан тұрады. Әрқайсының өз реакторы болады. Басқа энергия көздерімен салыстырғанда, ядролық реакция атом электр станциясының жүрегі саналатын ядролық реакторда жүреді. Соның ішінде біз тізбекті ядролық реакцияларды айта кететін болсақ, белгілі бір нейтрондардың көзі керек болады. Мысалы, бізде уран-235 деген шикізат бар. Осы шикізат АЭС-тің негізгі жанармайы саналады. Онда энергия түрлерінің өзара үш түрленуі жүреді: атом энергиясы жылу энергиясына, жылу энергиясы механикалық энергияға, механикалық энергия электр энергиясына айналады», -деді ол.

Сонымен қатар ол АЭС-тің қауіпсіздігін түсіндіріп, қорқудың қажеттігі жоқ деген пікір айтты.

«АЭС-тің қауіпсіздігіне байланысты екіұдай пікір бар. Халықтың алаңдаушылығын түсінуге болады. Кеңес ғалымдары уранды жинап, державалы мемлекеттер не жасаса, соны жасаймыз деген ниет болып, Семей топырағында қаншама ядролық сынақ жүргізілді. 1949-1989 жылы Семей өңірі сынақ полигонына айналды. Сосын Чернобыль мен Фукусима АЭС-те апат орын алды. Бәлкім, осының салдарынан халқымыздың санасында үрей бар. Қазір атом энергетикасы саласы ілгерілетіп, қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, АЭС-тің 3 және 3+ буыны іске қосылды. Заманауи технология қауіпсіздік шараларын алдын алуға мүмкіндік береді. Мұның бәрі – ядролық инженерия, архитектура саласының жетістігі. Адамзат атомнан энергия алуды жақсы меңгерді. Заманауи технология арқылы «бейбіт атомды» қоғамның басқа саласында пайдалану жолы жан-жақты іздестірілуде. Тіпті, АЭС-тің 4 буыны зерттеліп, жақын жылдары қолданысқа енгізіледі», - деді ол.