Әртүрлі

«Бақытты шаңырақ» орталығында шунгит бөлмесі ашылды

«Бақытты шаңырақ» орталығында шунгит бөлмесі ашылды

Бұл мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларүшін айтарлықтай қолдау, деп хабарлады Elorda.info.

15-02-9.jpg

Шунгит бөлмесінің салтанатты ашылу рәсіміне Елшілер әйелдерінің қауымдастығы мүшелері қатысты. Олардың қатарында Қазақстандағы Франция елшісінің жұбайы Оксана Дидье, Нидерланд елшісінің зайыбы Элла Алавердян, Болгария елшісінің әйелі Елена Сорокина және т.б. бар. Сондай-ақ жиынға Астана қаласы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының мамандары қатысты. 

15-02-8.jpg

15-02-6.jpg

Орталықта логопед, оқу кабинеттері. Ал кесте тігу бөлмесінде мүмкіндігі шектеулі балалардың аналары қолдан түрлі заттар жасауға мүмкіндік қарастырылған. 

15-02-5.jpg

Бүгінгі таңда «Бақытты шаңырақ» қоғамдық қорында 1800-ден астам бала бар. Мұнда оларға мамандар жан-жақты көмек көрсетеді.

-->

Бұл орталыққа бүгін бірінші рет келіп тұрмын. Мұнда талантты әрі өнерлі балалар  қызмет алады. Сондай-ақ орталықта олардың аналары кесте тігуді үйреніп, уақытты пайдалы өткізеді. Қоғамда мүгедектігі бар балалар мен олардың аналары жалғыз емес. Оларға осындай орталықтар қолдау көрсетеді. Бұл – қуантарлық жағдай, - деді Болгария елшісінің әйелі Елена Сорокина.

15-02-6.jpg

Орталықта логопед, оқу кабинеттері. Ал кесте тігу бөлмесінде мүмкіндігі шектеулі балалардың аналары қолдан түрлі заттар жасауға мүмкіндік қарастырылған. 

Бұл тұз шахтасы бөлмесіне ұқсас. Қара таспен қапталған бөлменің жүрек  ауруларымен ауыратындар үшін пайдасы мол. Сондай-ақ адамның иммунитетін көтереді. Мұнда 1 адам күніне шамамен 30-40 минут бола алады. Келушілер орташа есеппен 5-10 күн ем қабылдауы қажет, -деді  «Бақытты шаңырақ» қоғамдық қорының қызметкері Құралай Рахимбаева.

15-02-5.jpg

Бүгінгі таңда «Бақытты шаңырақ» қоғамдық қорында 1800-ден астам бала бар. Мұнда оларға мамандар жан-жақты көмек көрсетеді.

Ботагөз Сұлтанова  басшылық етіп отырған қоғамдық қор мүгедектігі бар балалар мен олардың отбасына үлкен қолдау көрсетеді. Әсіресе мұнда бірінші кезекте моральдық тұрғыдан көп көмек беріледі. Менің ойымша, бұл бағытта аянбай еңбек ету үшін үлкен жүрек болу керек. Жалпы, қалалық әкімдік бұл орталықпен соңғы 3 жылдан бері тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп келеді, - дейді Астана қаласы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының үкіметтік емес сектормен жұмыс бөлімінің басшысы Айдана Қамзаева.