Әртүрлі

БАӘ әуе компаниясы Қазақстанға ұша бастайды

Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Биылғы 1 маусымнан бастап Қазақстанның әуе тасымалдау нарығына Біріккен Араб Әмірліктерінің Air Arabia Abu Dhabi жаңа әуе компаниясы кіреді.

Әуе компаниясы Абу-Даби – Алматы бағыты бойынша аптасына 3 рейс жиілігімен (сейсенбі, жұма және жексенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен БАӘ арасында әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.