Әртүрлі

Бұрынғы судья Қарлығаш Тәткееваға іздеу жарияланды

Бұрынғы судья Қарлығаш Таткеева 3 күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ресми порталында жарияланған іздеу парағында Қарлығаш Таткееваның 2025 жылдың 20 маусымынан бастап ізделіп жатқаны жазылған. 

Қазіргі уақытта Қарлығаш Таткееваға іздеу салған сот екені белгілі болды, ал істі Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті жүргізуде. 

Оның бірнеше сот инстанциясында судья қызметін атқарғаны белгілі. Ол Қарағанды облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы атанса, Астана қаласының сотында да қызметте болған.