Бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов ұсталды
Бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі растады.
«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басшысының ұсталғаны туралы ақпаратты растайды. Министрлік тергеу органдарына белгіленген тәртіп бойынша көмек көрсетіп жатыр», - делінген хабарламада.