Бүркітші қыз Айшолпанға пәтер кілті табысталды
Бұл туралы «Шығыс ақпарат» басылымы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Шығыс салбұрыны – 2024» фестивалінде бүркітші қыз Айшолпанға облыс жұртшылығы атынан екі бөлмелі пәтер кілті табысталды», - деп жазылған хабарламада.
«Облыс халқы атынан пәтер кілтін табыстауға рұқсат етіңіздер», - деді ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Айта кетейік, мұнда «Шығыс салбұрыны-2024» халықаралық фестивалі өтіп жатыр. Халықаралық фестивалдің ақтық сыны 13-14 қазанда болады. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне кубок, медальмен қоса қаржылай сыйақы да табысталады.