Әртүрлі

«Бәленбай мың еуро берген»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты тың деректі жариялады

Тележүргізуші Қымбат Досжан анасын іздеген Жәнібекке қатысты тың деректі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Өз жазбасында медиаменеджер Жани Савельевтің, яғни Жәнібек Жұмағұловтың туған анасын іздеу барысында ҚР Қылмыстық Кодексiнің
135-бабы: «Кәмелетке толмағандар саудасы» бойынша қылмыстық іс ашылып, Арқалық қаласындағы Полиция басқармасының тергеушілері күн-түн демей жұмыс істеп отырғанын айтты.

Қымбат Досжан журналистік зерттеу барысында бельгиялық әйелмен жеке сөйлескен.

Жәнібектің ісін зерттей келе, баласын тастаған бірнеше әйел жеке басын куәландыратын құжатсыз босанып, қолхат жазып кетіп қалған.

-->

Біз Жәнібектің анасын іздеп жүріп, 2004 жылы қылмыстық құрамның да болғанын ойламаған жерден анықтадық. Негізі қылмыскер емес, туған анасын іздеп жүр едік қой... Жәнібектің құжатында туған анасы деп жазылған әйел 2023 жылдың желтоқсанында табылған, бірақ бала басқа сияқты (ауысып кеткен), өйткені бірнеше ДНҚ анализ теріс шықты, - деді журналист.

Өз жазбасында медиаменеджер Жани Савельевтің, яғни Жәнібек Жұмағұловтың туған анасын іздеу барысында ҚР Қылмыстық Кодексiнің
135-бабы: «Кәмелетке толмағандар саудасы» бойынша қылмыстық іс ашылып, Арқалық қаласындағы Полиция басқармасының тергеушілері күн-түн демей жұмыс істеп отырғанын айтты.

Әйелдерден ДНҚ анализ алып, клиникаға тапсырып жатыр. Арқалықта 6 наурызда Полиция басқармасының басшылығы халық алдында есеп берген екен. Сол жиында Жәнібектің де мәселесі айтылыпты. /дереккөз: @araily_arkalyk және «Арайлы Арқалық» youtube арнасы/ Бұл проблеманы көтерген азаматқа да алғыс айтамыз, танысаңыздар, белгілеп кетіңіздер, - деді тележүргізуші.

Қымбат Досжан журналистік зерттеу барысында бельгиялық әйелмен жеке сөйлескен.

Сөз арасында «Бала асырап алғанда заң бұзылған жоқ па?» деген де сұрақ қойылды. Ол кісі «Бельгия тарапынан заң бұзылған жоқ» деді де, Қазақстанға қатысты бір адамның аты-жөнін атап, бала асырап алу үшін, сол кісіге бәленбай мың еуро бергенін, өз елінде отырып Жәнібектің фотосы мен мәліметін алғанын, содан кейін ғана жолға шыққанын мәлімдеді. Бұл диалог ресми түрде заңдастырылып, заң органдарына тапсырылды.
Жалпы Жәнібекке, тастанды балалар тағдырына қатысы болуы мүмкін деген адамдардың бәрі қазір бар, көзі тірі, білуімізше, тек 1 маман өмірден өткен. Тіпті медицина саласында 40 жылға жуық еңбек етіп келе жатқан мамандардың да Жәнібекке қатысты ресми құжаттарда аты аталған, лауазымы жазылған, қолы қойылған, - делінген жазбасында.

Жәнібектің ісін зерттей келе, баласын тастаған бірнеше әйел жеке басын куәландыратын құжатсыз босанып, қолхат жазып кетіп қалған.

Кейбірі құжатын көрсетпей, аты-жөнін өтірік айтқан, бір әйел өзі босанып, баланы екінші бір әйелдің атына жаздырып, баланы перзентханада қалдырғанын білдік... Арқалықтың перзентханасын түртіп қалсаң, бір оқиға сау ете қалады. Осының бәріне жол берген, өз ісіне салғырт қараған қызметкерлер заң алдында жауап беруі керек деп санаймыз, - деп жазды Қымбат Досжан.