Әртүрлі

Бүгін таңда Байқоңырдан «Прогресс» ғарыш жүк кемесі ұшты

28 ақпанға қараған түнде Байқоңыр ғарыш айлағынан «Прогресс МС-30» жүк кемесі ғарышқа аттанды, деп хабарлады Elordainfo.kz Роскосмос-қа сілтеме жасап.

«Прогресс МС-30» ғарыш жүк кемесі Астана уақытымен сағат 2:24-те «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы 31-ші алаңнан Халықаралық ғарыш станциясына аттанды. 

Байқоңыр ғарыш айлағынан тікелей эфир ұшырылымға жарты сағат қалғанда басталды.

«Жүк кемесі орбитаға тоғызыншы минутта шықты. Ғарыштық жүк көлігінің ұшуы екі күндік қозғалыс кестесіне сәйкес болады, ол Халықаралық ғарыш станциясымен 2 наурызда түйіседі. «Прогресс» ғарыш стансасына 2,5 тоннадан астам жүк жеткізеді», – делінген хабарламада.