Әртүрлі

Бүгін тұман түсіп, жел күшейеді

Қазақстандық синоптиктер 15 қараша, сәрсенбі күні елімізде күн райы қандай болатынын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның екпінімен күн жауын-шашынсыз болады.

Атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың батысында және солтүстік-батысында жаңбыр, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады деп болжанды, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ синоптиктер республика бойынша тұман түсіп, жел күшейетінін айтты.