Әртүрлі

Бүгін – Отбасы күні

Қыркүйектің екінші жексенбісінде Қазақстанда Отбасы күні тойланады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мереке 2013 жылы бекітілген.

Мерекенің негізгі идеясы - ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеу, отбасы мен неке ұғымдарына сүйіспеншілік тудыру. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.

Биыл мерекенің жаңа тұжырымдамасы бекітілді.

2-8 қыркүйек аралығында Отбасы күніне арналған апталық өтті. Аптаның әр күні отбасылық дәстүрлер, некені жоспарлау, ұрпақ саулығы, саналы ата-ана болу, отбасылық демалыс және басқа да тақырыптарға арналды.

Республика бойынша барлығы 1000-нан астам іс-шара өткізіліп, 1 миллион адам қамтылды.

Бүгін қазақстандықтар «Отбасым – менің байлығым» акциясын бастады. Әлеуметтік желіде отбасыңыздың суретін жариялау арқылы акцияға қосылуға шақырамыз.