Бүгін – қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні
Бүгін – қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында еңбек етіп жүрген мамандардың күні. Олар әскери техника, қару-жарақтардың жобалануынан бастап жаңартылуына дейінгі барлық процестерге атсалысады. Бұл – инженерлер, техниктер.
Еліміздің қорғаныс өнеркәсібі мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыруда стратегиялық маңызға ие. Олардың кәсібилігінің арқасында еліміз әскери-техникалық жағдайын нығайтып жатыр.
Сала қызметкерлерінің еңбегі Қазақстанның қорғаныс қабілетін нығайтты әрі ұлттық қауіпсіздіктің сенімді тірегіне айналды.
Бұл мереке 2016 жылдан бері жыл сайын аталып өтеді.