Бүгін еліміздің солтүстігі мен орталығында боран соғады
Синоптиктердің болжауынша, 6 қарашада атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы, қар жауады, оңтүстікте, оңтүстік шығыста қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Еліміздің оңтүстік батысында, оңтүстік шығысында, шығысында жоғары қысымды өріске байланысты күн ашық болады.
Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, оңтүстік шығыста, солтүстікте жел күшейеді, солтүстікте, орталықта бұрқасын соғады.
Астанада күн ала бұлтты, аздап қар жауады, күндіз ауа температурасы -3-5°C, желдің жылдамдығы күндіз 9-14 м/с.
Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +3+5°C, желдің жылдамдығы 2-7 м/с.
Шымкентте күн ала бұлтты, күндіз ауа температурасы +1+3°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.