Әртүрлі

Бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Астана, Алматы мен Шымкенте бүгін ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бүгін Алматыда күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 4 градусқа дейін көтеріліп, түнде -4 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,1 м/с болмақ. 

Астанада аздаған бұлт болады. Күндіз ауа температурасы -5 градусқа дейін жетіп, түнде -22 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,3 м/с болады. 

Шымкентте бүгін қар мен жаңбыр болады деп күтіліп отыр. Күндіз термометр бағаны 10 градусқа дейін жетіп, түнде 0 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 5,8 м/с деңгейінде болмақ.