Әртүрлі

Бүгін елімізде күн күркіреп, екпінді жел соғады

Синоптиктер Қазақстандағы 6 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, күндіз Қазақстанның шығысында қатты жаңбыр жауады.

Елдің солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында күн райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп болжанды, - дейді синоптиктер.

Республикада күн күркіреп, екпінді жел соғады. Солтүстікте, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін. Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, кей уақытта аздап жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман болады. Батыстан соғатын жел екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +14+16°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +23+25°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +27+29°С.