Бүгін елімізде 45 градусқа дейін аптап ыстық болады
«Қазгидромет» РМҚ бүгін елімізде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау жасады, деп хабарлады Elorda.info.
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады. Найзағаймен жаңбыр жауады, елдің батысында қатты жаңбыр күтіледі.
Тек елдің оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады.
Республика бойынша желдің күшейюі, солтүстікте түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман күтілуде.
Сондай-ақ, елімізідің тағы бірнеше аймағында өрт қаупі бар екендігі ескертілді.
Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, Атырау облысының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында да өрт қаупі жоғары.
-->Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады. Найзағаймен жаңбыр жауады, елдің батысында қатты жаңбыр күтіледі.
Тек елдің оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады.
Республика бойынша желдің күшейюі, солтүстікте түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман күтілуде.
Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жетісу, Абай, Ұлытау облыстарында, Маңғыстау, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 35-43°С қатты ыстық болады. Алматы облысының солтүстігінде, орталығында 42°С өте қатты ыстық сақталады, Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында 45°С, Ұлытау облысының оңтүстігінде 40°С өте қатты ыстық күтіледі, - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, елімізідің тағы бірнеше аймағында өрт қаупі бар екендігі ескертілді.
Алматы, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығында, Атырау облысының батысында, солтүстігінде, Ақмола облыстарында оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады,-деп хабарлады "Казгидромет" мекемесі.
Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, Атырау облысының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында да өрт қаупі жоғары.