Әртүрлі

Бүгін Астанада ауа райы қандай болады

Бүгін елдің басым бөлігінде фронтальды бөлімдер әсерінен ауа райы тұрақсыз болады. Түнгі уақытта қар аралас жаңбыр, ал күндіз жаңбыр жауады. Солтүстікте түнде қар жаууы ықтимал, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста, шығыста, орталықта тұман түседі, солтүстікте, шығыста көктайғақ болады, оңтүстікте найзағай соғуы мүмкін.

Астанада күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы 0,+2°C, желдің жылдамдығы түнде 1-6, күндіз 7-12 м/с-ге жетеді.

Алматыда күн ала бұлтты, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +22+24°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +21+23°C, желдің жылдамдығы 8-13 м/с.