Бүгін 33 градусқа дейін аяз болады
«Қазгидромет» РМК бүгінгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.
Синоптиктердің айтуынша, республиканың басым бөлігінде аяз сақталады. Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі әсерінен қар жауады, боран соғады, жел күшейеді.
Астанада жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде -31-33°C, күндіз -15-17°C.
Алматыда күн бұлтты болады. Сонымен қоса, кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз -3-5°С.
Синоптиктер Шымкентте қар жауып, тұман түседі деп болжап отыр. Солтүстік-шығыстан екпіні 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -4-6°С, күндіз 0-2°С.
-->Синоптиктердің айтуынша, республиканың басым бөлігінде аяз сақталады. Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі әсерінен қар жауады, боран соғады, жел күшейеді.