Азық-түліктің сапасына бақылауды күшейту керек – ғалым
Қазіргі кезде азық-түліктің сапасына бақылауды күшейту керек. Бұл туралы Silteme баспасөз клубында өткен пресс-конференция кезінде биология ғылымдарының докторы, профессор Балғабай Майқанов айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Ол қазіргі кезде ауру қандай тағамдардан болуы мүмкін екенін айтты.
Ол еліміздегі тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мәселесіне алаңдаулы екенін жеткізді. Ғалымның айтуынша, тағам қауіпсіздігі әлемде де өте өзекті болып тұр.
Оның айтуынша, бұл жағдайдың бірнеше себебі бар. Ол - азық-түлік қауіпсіздігін бақылауға көзқарастың әртүрлі болуы, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін сараптауда бақылаудың әлсіздігі, халықаралық ұсыныстарды білмеу немесе елемеу, CODEX ALIMANTARIUS азық-түлік стандарттарына негізделген тиісті қызметтер мен тәуекелдерді бағаламау және талдамау.
Сондықтан ғалым Тағам қауіпсіздігі жөнінде арнайы агенттік құру қажет деп санайды. Сонымен қатар Балғабай Сәдепұлы мәселені шешу жолдарын ұсынды.
-->Қазіргі кезде азық-түліктің сапасына бақылауды күшейту керек. Бұл туралы Silteme баспасөз клубында өткен пресс-конференция кезінде биология ғылымдарының докторы, профессор Балғабай Майқанов айтты, деп хабарлады Elorda.info.
ДДҰ дерегі бойынша жыл сайын 600 миллионға жуық адам (бұл шамамен әлемдегі он адамның бірі) 200 түрлі тағамнан болатын аурумен ауырады. Ал жыл сайын 420 мың адам зиянды астан көз жұмады. Әсіресе, балалар көп зардап шегіп жатыр. Залалды тағамды тұтыну салдарынан денсаулығына нұқсан келтіретіндердің 40%-ы - 5 жасқа дейінгі балалар. Оның ішінде жыл сайын 125 000 бала қайтыс болады. Бұл деректердің Қазақстанға да қатысы бар, - деді Балғабай Майқанов.
Ол қазіргі кезде ауру қандай тағамдардан болуы мүмкін екенін айтты.
Аурудың 90 пайызы тағамнан болады. Мәселен, оңтүстікте өсімдіктерден, солтүстікте ет-сүт өнімдерінен, батыста балықтан қауіп болуы мүмкін. Қазіргі кезде адамдар шағын маркеттерде сатылатын тағамдар қауіпсіз деп ойлайды. Негізінде оларды да ауыл шаруашылығы тағамдарын өндіретін өндірушілер әкеледі емес пе? Ал ол бақылаудан өте ме, өтпей ме? Сондықтан азық-түліктің сапасына бақылауды күшейту керек, - деді ғалым.
Ол еліміздегі тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мәселесіне алаңдаулы екенін жеткізді. Ғалымның айтуынша, тағам қауіпсіздігі әлемде де өте өзекті болып тұр.
Практикалық тұрғыдан тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жеткіліксіз деңгейде. Осынау аса маңызды мәселе жылдан-жылға шешімін таппай, қордаланып келеді, - дейді Балғабай Сәдепұлы.
Оның айтуынша, бұл жағдайдың бірнеше себебі бар. Ол - азық-түлік қауіпсіздігін бақылауға көзқарастың әртүрлі болуы, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін сараптауда бақылаудың әлсіздігі, халықаралық ұсыныстарды білмеу немесе елемеу, CODEX ALIMANTARIUS азық-түлік стандарттарына негізделген тиісті қызметтер мен тәуекелдерді бағаламау және талдамау.
Сондықтан ғалым Тағам қауіпсіздігі жөнінде арнайы агенттік құру қажет деп санайды. Сонымен қатар Балғабай Сәдепұлы мәселені шешу жолдарын ұсынды.
Ол үшін республикалық ветеринариялық зертхананың барлық облыстық бөлімдерінде тағам өнімдерінде бөгде заттардың болу-болмауына (антибиотиктер, гормондар, радиобелсенді заттар, пестицидтер, афлатоксиндер және т.б.) үнемі мониторинг жасап, бақылау жүргізу, тағам қауіпсіздігі зертханаларын әлемдік стандарттарға сәйкес жабдықтау және жаңғырту, аграрлық жоғары оқу орындарындағы «Ветеринарлық санитария» мамандығының атын «Тағам қауіпсіздігі» деп ауыстырып, ғылым және жоғары білім министрлігінің классификаторында жеке мамандық ретінде тану және Денсаулық сақтау министрлігі құрамында CODEX ALIMENTARIUS республикалық кеңсесінің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету қажет, - дейді Балғабай Майқанов.