Қазақ тілін меңгерген өзге этнос өкілдері марапатталды
Республика күні қарсаңында Астанада «Елім дегендер» байқауының республикалық кезеңі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас таланттар өлең оқып, өз шығармаларын қазақ тілінде ұсынды.
Жеңімпаздар диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Байқаудың жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрады.