Әртүрлі

Қазақстанның он өңірі 100% сумен қамтылды

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Қазақстанның 10 өңірінде сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 100%-ға дейін жеткенін атап өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының, сондай-ақ Жетісу және Ұлытау облыстарының қалаларына қатысты.

Маңғыстау облысының ауылдық жерлері де сумен толық қамтылды.