Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ақжол Мейірбеков өмірден озды
Белгілі әнші, «Дос-Мұқасан» ансамблінің белді мүшесі Ақжол Мейірбеков дүниеден өтті, деп хабарлады Elorda.info
Ақжол Мейірбеков 1950 жылы 7 шілдеде Түркістан облысы Арыс қаласында дүниеге келген. 1978 жылы «Дос-Мұқасан» ансамбліне қабылданды. 1985-1994 жылдары Алматы облыстық филармониясының «Арқас», «Сазген», «Адырна» ансамбльдерінде солист болып қызмет етті. Әнші 1994-1996 жылдары «Гүлдер» ансамблінің көркемдік жетекшісі әрі директоры болған.
Ал 2001 жылы «Ақжол» ән-театрын құрды. Марқұм 2010 жылы «Дос-Мұқасан» тобына оралып, өмірінің соңғы күндеріне дейін аты аңызға айналған өнер ұжымында қызмет етті.
Ақжол Мейірбековке өнердегі ұзақ жылғы еңбеіг бағаланып Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атағы берілген. Сонымен қатар «Құрмет» орденінің иегері және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Әншінің артында Луиза атты қызы мен Сұлтан, Тимур есімді ұлдары мен немерелері қалды.
-->Ақжол Мейірбеков 1950 жылы 7 шілдеде Түркістан облысы Арыс қаласында дүниеге келген. 1978 жылы «Дос-Мұқасан» ансамбліне қабылданды. 1985-1994 жылдары Алматы облыстық филармониясының «Арқас», «Сазген», «Адырна» ансамбльдерінде солист болып қызмет етті. Әнші 1994-1996 жылдары «Гүлдер» ансамблінің көркемдік жетекшісі әрі директоры болған.