Қазақстаннан Қытайға 8,3 млн тонна түрлі жүк жөнелтілді
Қазақстаннан Қытайға теміржол көлігімен жүк экспорты 37% өсті, деп хабарлады Elorda.info «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бірінші жартыжылдықта астық жүктерінің экспорты үш есеге, 1 млн тоннаға дейін, металл кені 15%-ке, 4 млн тоннаға дейін, оның ішінде 2,6 млн тонна темір кені өсті, бұл өткен жылғы қаңтар-маусым деңгейінен 25%-ке артық. Сонымен қатар 220 мың тонна түсті метал экспортталып, өткен жыл көрсеткішіне өсім 55% құрады және де 75 мың тонна өсімдік майы (70% - ға).
Ал қос ел арасындағы теміржол көлігімен тасымалдау көлемі 13,7 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ке артық.
-->Бірінші жартыжылдықта астық жүктерінің экспорты үш есеге, 1 млн тоннаға дейін, металл кені 15%-ке, 4 млн тоннаға дейін, оның ішінде 2,6 млн тонна темір кені өсті, бұл өткен жылғы қаңтар-маусым деңгейінен 25%-ке артық. Сонымен қатар 220 мың тонна түсті метал экспортталып, өткен жыл көрсеткішіне өсім 55% құрады және де 75 мың тонна өсімдік майы (70% - ға).
Қытайдан Қазақстанға жүк импорты 2023 жылғы қаңтар-маусымда 13%-ке, 5,4 млн тоннаға дейін өсті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жеңіл автомобильдер 13%-ға, құрылыс жүктері - 30%-ға, ал химиялық жүктер-5%-ға көп импортталды, - деп жазылған хабарламада.
Ал қос ел арасындағы теміржол көлігімен тасымалдау көлемі 13,7 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ке артық.