Әртүрлі

Қазақстаннан Грузия мен Қытайға жаңа әуе рейстері ашылады

Көлік министрлігінің жаңа халықаралық рейстерді ашу бойынша жүргізіп жатқан жұмысы шеңберінде қазақстандық әуекомпаниялар Грузия мен Қытай бағыттары бойынша жаңа рейстерді іске қосады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мәселен, осы жылдың 27 мамырынан бастап Air Astana әуекомпаниясы Атыраудан Тбилисиге тікелей рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына 3 рет сейсенбі, жұма және жексенбі күндері Airbus типті әуе кемелерімен орындалады. Бүгінгі таңда Тбилисиге рейстер Алматы және Ақтау қалаларынан орындалады.

Сонымен қатар 28 мамырдан бастап SCAT әуекомпаниясы Шымкент қаласынан Сиань қаласына тікелей рейстерді іске қосады. Рейстер сәрсенбі және сенбі күндері орындалады. Қазіргі уақытта Сиань қаласына тікелей рейстерді Қытай әуекомпаниялары Алматы мен Астанадан орындайды.

Айта кетейік, жаңа бағыттардың ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.