Қазақстан мен Бахрейн арасында тікелей әуе рейсі іске қосылды
Көлік министрлігі ұшулар географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша ұшулар санын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Биылғы 5 маусымнан бастап «Fly Arystan» әуе компаниясы Алматы – Манама (Бахрейн) бағыты бойынша маусымдық рейстерді орындай бастайды. Рейстер аптасына бір рет орындалады»,- делінген министрлік хабарламасында.
Бахрейнге әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы туризм, мәдени және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.