Әртүрлі

Қазақстандықтардың шетелде жұмыс істеуіне қатысты жаңа ереже әзірленді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұйрықтың жобасын «Ашық» НҚА порталында жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Құжатқа сәйкес, шетелге жұмысқа орналасуға баратын Қазақстан азаматына кәсіптік біліктілігі мен дағдыларын арттыру курсы ұйымдастырылады. Сондай-ақ шетелде жұмыс істеген кезде оның еңбек құқықтарын қорғау шаралары қарастырылады.

Құжаттың басты тұсы, Қазақстан азаматын шетелге жұмысқа орналастыру оның келісімшарты аяқталған соң жеке агенттік жұмыскерді өз еліне қайтаруға кепілдік бергенде ғана жүзеге асырылады. Ол үшін агенттік жұмыс берілетін елдегі шетелдік банктерге кепілдік жарнасын енгізуі тиіс.

Маңыздысы оқу, шетелде тұру, біліктілікті арттыру, медициналық тексеру, ұшақ билеті және басқа да қызметтерді жұмыс ізденуші өз қаражаты есебінен жүзеге асырады.