Әртүрлі

Қазақстандықтарды Израильден алып қайту үшін ұшақ жөнелтіледі

10 қазанда "Эйр Астана" әуе компаниясы қазақстандық азаматтарды Израильден алып қайту рейсін орындауды жоспарлап отыр, деп хабарлады Elorda.info. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті Telegram-дағы ресми арнасында жазылды.

Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, 10 қазанда "Эйр Астана" әуе компаниясы қазақстандық азаматтарды Израильден алып қайту бойынша Ақтау қаласына техникалық қону арқылы Алматы–Тель-Авив–Алматы бағыты бойынша КС–6490/6500 рейсін орындауды жоспарлап отыр.

-->

 "Алматы қаласынан ұшу сағат 08:00-ге, Тель-Авив қаласынан ұшу жергілікті уақыт бойынша сағат 12:50-ге жоспарланған. Қазіргі уақытта "Эйр Астана" әуе компаниясының ақпараты бойынша Тель-Авив қаласының әуежайы тарапынан әуежайға рейстің келу және ұшу уақытын келісуі күтілуде. Барлық сұрақ бойынша әуе компанияның help.airastana.com қолдау орталығына хабарласу қажет, тел.: +7 (727) 244 44 78 (қоңыраулар үшін) және +7 702 702 0074 (WhatsApp)", - делінген хабарламада.