Әртүрлі

Қазақстандықтар «Ұлттық ұлан аруы -2024» жеңімпазын анықтайды

8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында құқықтық тәртіп әскерлерінде «Ұлттық ұлан аруы-2024» атағына конкурс өткізіледі, деп хабарлады Elorda.info.

Фотоконкурс әйелдердің табиғи сұлулығын, зияткерлік және шығармашылық дамуын, қоғамдық қызметке белсенді араласуын байқату және құқықтық тәртіп әскерлері әйелдерінің имиджін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылады. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Конкурсқа Ұлттық ұланда қызмет ететін 18 жастан 40 жасқа дейінгі әйел әскери қызметшілер қатысады. Байқауға қатысушылар 3 фотосурет ұсынуы керек:

- Ұлттық ұланның  киім-кешегінде;

- ұлттық киімде; 

- сүйікті ісімен (хоббиімен) айналысу сәтіндегі фотосурет.

Дауыс беру Ұлттық ұланның Instagram national_guard_kaz ресми парақшасында өтеді.

Жеңімпаздар ұнату белгісінің саны бойынша анықталады. Сонымен қатар ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталады.

-->