Қазақстандықтар биыл наннан тарықпайды – Әлихан Смайылов
Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Премьер-министр биыл еліміздің егіншілері үшін өте қиын жыл болғанын атап өтті. Жаздың аптап ыстығы мен құрғақшылықтан алқаптағы егін қатты зардап шекті. Одан кейін тамыздан бастап осы күнге дейін үздіксіз жауған жауын-шашын астықтың сапасы мен түсімін төмендетіп жіберді.
Ол отандық фермерлерге мемлекет тарапынан қажетті қолдау шаралары көрсетілгенін еске салды. Атап айтқанда, әділ сатып алу бағасы белгіленді. Айыппұл санкцияларын қолданбай, несиелер мен қарыздарды қайтару мерзімдері ұзартылды. Жеңілдетілген дизель отыны, оның ішінде астықты кептіру үшін қажетті отын көлемі бөлінді.
Сонымен қатар бидайды тікелей сатып алу үшін тиісті қаржы бөлу туралы шешім қабылданды.
-->Премьер-министр биыл еліміздің егіншілері үшін өте қиын жыл болғанын атап өтті. Жаздың аптап ыстығы мен құрғақшылықтан алқаптағы егін қатты зардап шекті. Одан кейін тамыздан бастап осы күнге дейін үздіксіз жауған жауын-шашын астықтың сапасы мен түсімін төмендетіп жіберді.
Қолайсыз ауа райы диқанға да, техникаға да қолбайлау болды. Егін орағы ұзаққа созылып кетті. Элеваторларға түскен бидайдың 40%-ға жуығы ешқандай класқа жатпайды. Алайда, қазақстандықтар биыл наннан тарықпайды. Өткен жылдан қалған қорды ескеретін болсақ, жиналған өнім көлемі ішкі нарықты толықтай қамтамасыз етуге жеткілікті, - деді Әлихан Смайылов.
Ол отандық фермерлерге мемлекет тарапынан қажетті қолдау шаралары көрсетілгенін еске салды. Атап айтқанда, әділ сатып алу бағасы белгіленді. Айыппұл санкцияларын қолданбай, несиелер мен қарыздарды қайтару мерзімдері ұзартылды. Жеңілдетілген дизель отыны, оның ішінде астықты кептіру үшін қажетті отын көлемі бөлінді.
Сонымен қатар бидайды тікелей сатып алу үшін тиісті қаржы бөлу туралы шешім қабылданды.
Тағы да атап өткім келеді. Ішкі нарықта бидаймен проблема болмауы керек. Ұн және нан өнімдері Азық-түлік корпорациясы мен өңірлік тұрақтандыру қорларының резервтері арқылы қамтамасыз етілген, - деп атап өтті Премьер-министр.