Қазақстандық стартап 1 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартты
Қазақстандық стартап 1 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартты, деп хабарлады Elorda.info.
MedTech, Аgritech және GreenTech, жасанды интеллект, Индустрия 4.0, GovTech, Металлургия сияқты ел дамуының басым технологиялық бағыттарын фокустық қаржыландыру мақұлданды. Аталған барлық технологиялық бағыттар халықаралық зерттеулерге негізделген және шетелдік сарапшылардың бағалауы бойынша ұзақ мерзімді перспективада аса маңызды болады. Әрбір басым бағыт шеңберінде кадрлық әлеуетті қамтамасыз ету, инфрақұрылымдық қолдау, «зәкірлік» инновациялық жобаларды дамыту мәселелерін және өзге де шараларды қоса алғанда, осы бағыттарды дамытудың сапалы жүйелерін қалыптастыратын технологиялық платформалар жұмыс істейтін болады деп жоспарлануда.
Аstanahub.com ақпараттық жүйе базасында «Ұлттық инновациялық жүйенің бірыңғай терезесі» пилоттық іске қосылды. Бірыңғай терезе бизнес пен инновациялық қоғамдастық үшін инновациялық жобалар мен инновациялық қызметті қолдаудың барлық қажетті шараларына қол жеткізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ бизнестің технологиялық/ инновациялық міндеттерін орналастыру үшін мемлекеттік платформа рөлін атқарады және барлық процестердің ашықтығын қамтамасыз етеді, инновациялық процестің бүкіл циклін қамтиды.
Инновациялық гранттар, бизнес-инкубациялау, технологиялар трансферті және басқалар сияқты инновацияларды мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру күшейтілді. Мәселен, жыл қорытындысы бойынша үш гранттық бағдарлама бойынша жалпы сомасы 1,2 млрд. теңгеге
31 жоба қолдау тапты.
2023 жылы Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдаланушылары «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорымен белсенді өзара іс-қимыл жасап, жалпы сомасы 8,2 млрд. теңгеге
58 шарт жасасты. Бұл қаражат инновациялық қызметті дамыту мақсатында жалпы құны 4,7 млрд. теңгені құрайтын «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорына қатысушылардың 32 жобасын қаржыландыруға бағытталды. Осы кезеңде 6 технологиялық марафон өткізілді, оған 12 жер қойнауын пайдаланушыдан 18 міндет үшін инновациялық шешімдерді ұсынған 87 технологиялық компания қатысты, сондай-ақ Ind 22 000 жалпы жүлде қорымен Industry 4.0 Startup Battle өтті. Бұл іс-шараға 59 стартап қатысты, оның 30-ы қатысуға таңдалды, ал үш жеңімпаз – ISIDA Electronics, SmartView, AgriMo қаржыландырылды.
«Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде өндірістік консорциумдар, құзыреттілік және әлеуметтік инновациялар орталықтары үшін гранттық бағдарламалар шеңберінде елеулі іс-шаралар табысты іске асырылды. Биылғы жылы өндірістік сектор консорциумдары мен инклюзивті инновациялар консорциумдары бағдарламалары бойынша конкурстардың
3 раунды өткізілді, жалпы сомасы шамамен 3 млрд. теңгеге 13 кіші жоба қаржыландырылды.
«Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасының арқасында Tumar Ventures – венчурлық ерте қаржыландыру қоры құрылды, Draper University-мен Кремний алқабында акселерация бағдарламасы жүргізілді. Draper University-дегі екі бағдарламаның қорытындысы бойынша стартаптар Кремний алқабында акселерациядан сәтті өтті, оның ішінде үш стартап: Beyne.ai, Beep және Smartestprep Мy Ventures венчурлық қорынан 30,000 АҚШ долларына инвестиция алды және CoPath стартапы 20 000 АҚШ долларын жинады. Сондай-ақ, CITIX стартапы Draper Fisher Jurvetson компаниясынан 1 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды.