Қазақстандық оқушылар географиядан IGeO-2024 халықаралық олимпиадасында қатысып жатыр
Ирландияның Дублин қаласында географиядан IGeO-2024 халықаралық олимпиадасы басталды. Бұл жарысқа 50 ел қатысуда. Еліміздің құрама командасында төрт оқушы бар, деп хабарлады Elordainfo.kz ведомствоға сілтеме жасап.
Команда құрамында еліміздегі зияткерлік және дарынды балаларға арналаған мектептердің 11-сынып оқушылары Ақжол Болат, Арсен Сыдықов,
Қанат Серікбай, Жомарт Сабыр халықаралық олимпиадада өз білімдерін сынға салып жатыр.
Ал оларға «Дарын» РҒПО директордың орынбасары Нұрлан Жұмагелді мен «Дарын» РҒПО бөлім басшысы Мақсат Аубакиров жетекшілік етуде.
Айта кетейік, IGeO 1996 жылдан бері IGU Халықаралық географиялық одағының қолдауымен өткізіліп келеді. Жарысқа 16-19 жас аралығындағы ұлттық олимпиадалардың жеңімпаздары қатысады. Негізгі мақсаты — оқушылардың география мен қоршаған орта туралы басқа да ғылымдарға қызығушылығын арттыру және халықаралық байланыстарды дамыту. Аталған халықаралық білім додасында Қазақстан құрамасы 2023 жылы 1 алтын және 1 қола медаль жеңіп алды.