Қазақстандық лоукостер Атыраудан Ташкентке тікелей рейстерді іске қосады
FlyArystan Атыраудан Ташкентке тікелей рейстерді іске қосады, деп хабарлады Elordainfo.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық лоукостер FlyArystan жаңа халықаралық бағыт – Атырау – Ташкент – Атырау бойынша рейстерге әуебилеттерінің сатылымы ашылғанын хабарлайды.
2025 жылғы 15 шілдеден бастап бұл жаңа әуе бағыты Қазақстанның батысын Өзбекстан астанасымен тікелей байланыстырады. Шілде мен тамыз айларында рейстер аптасына үш рет – сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Қыркүйек және қазан айларында ұшулар дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері жүзеге асырылады.
Билеттердің бағасы бір бағытқа 34 000 теңгеден басталады. Билет құнына борттағы кездейсоқ орын және 5 кг-ға дейінгі (өлшемі 56×23×36 см-ден аспайтын) бір дана қолжүгі кіреді.
Билеттерді FlyArystan мобильді қосымшасы, www.flyarystan.com ресми сайты немесе өзге де қолжетімді арналар арқылы сатып алуға болады.