Әртүрлі

Қазақстанда жанармай станцияларының саны артты

2023 жылы Қазақстанда 3,3 мыңнан астам жанармай құю станциялары жұмыс істеді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 5,9% артық (3,1 мың), деп хабарлады Elordainfo.kz.

Станциялардың ең көп саны Түркістан (273), Ақмола (262), Жамбыл (253) облыстарында орналасқан.

Сондай-ақ бір жыл ішінде газ құю станцияларының саны 17,8% өскен – 2,2 мыңнан 2,6 мыңға дейін. Газ құю станцияларының саны бойынша да Түркістан облысы көш бастап тұр – 289, одан кейін Маңғыстау (236), Қызылорда (226) және Жамбыл (226) облыстары, - делінген Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Айта кетейік, өңірлер бөлінісінде бензинмен және газбен жүретін көліктердің ең көп саны Алматы қаласында, тиісінше 548 мың және 3 мың. Сондай-ақ аралас отынмен жүретін автомобильдер санатын атап өтуге болады, өңірлер арасында олардың ең көп саны Маңғыстау облысында тіркелген – 90 мың (аралас отынмен жүретін автомобильдер санының 22%).