Қазақстанда құтқару қызметі күшейтіліп жатыр
Қазақстанда өрт сөндірушілерден, құтқарушылар мен дәрігерлерден тұратын әмбебап құтқару кешендері кезең-кезеңмен құрылып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл бөлімшелер қазір Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл облыстарында жұмыс істеп, кешенді көмек көрсету тиімділігін көрсетіп отыр. Шымкент және Ақтөбе қалаларында төтенше жағдайларға жедел ден қоятын әуе жасақтары құрылды. Осындай бөлімшелер келешекте барлық өңірлерде құрылады.
«Бұл – көмектің керек кезінде емес, әрқашан болуы шарт қадам. Біз үшін елдегі әрбір азаматтың өзін қауіпсіз сезінуі маңызды. Сондықтан ауылдық округтерде «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Шағын ауылдардың мыңдаған тұрғындарын қорғайтын 82 жаңа өрт сөндіру пункті ашылды. Еріктілерге техникалық қолдау көрсетіліп, байланыс құралдары беріледі», - деді ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, жұмылдыру дайындығы мен жеделдікті арттыру мақсатында Алматы, Орал, Өскемен және Қостанайда құтқару батальондары құрылды. Алатау тауларында заманауи гидро-сейсмикалық бекеттер орнатылды. Сонымен қатар Сейсмологиялық ғылыми база жетілдірілуде, оның жабдықтары жаңартылып, Қазақстан-Қытай сейсмология орталығын құру туралы меморандумға қол қойылды.